Accessibility links

Пан Ги Мун Алепподағы қырғынды "әскери қылмыс" деп атады


Алепподағы университетте болған жарылыстан соң, Сирия, 15 қаңтар 2013 ж.

Алепподағы университетте болған жарылыстан соң, Сирия, 15 қаңтар 2013 ж.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияның Аллеппо қаласындағы террорлық шабуылды "әскери қылмыс" деп атап, оған қатысты түбегейлі тергеу жүргізілуін талап етті. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Эдуардо дель-Буэй мәлімдеді деп хабарлайды Тренд агенттігі.

Ол "бейбіт тұрғындар мен азаматтық ғимараттарды әдейі нысанаға алу - әскери қылмыс" екендігі туралы бас хатшының сөзін келтіріп, Сирияда өзара соғысып жатқан тараптар "халықаралық құқық талаптарына қатысты міндеттемелерін орындауы тиіс" екендігін айтқан.

Ресми деректер бойынша, қаңтардың 15-і күні Алеппо қаласындағы университетте болған жарылыстан 82 адам қаза тауып, 160 адам жараланған. Террорлық акт салдарынан студенттер және үй-жайларынан айырылып, студенттер жатақханасын уақытша паналағандар зардап шекті.
XS
SM
MD
LG