Accessibility links

Тәжікстан билігі интернеттің шектелмегенін айтады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Тәжікстан байланыс қызметінің жетекшісі Бег Зухуров Азаттықтың тәжік қызметіне аталған сайттарға тосқауыл қою туралы ешқандай бұйрық бермегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай әңгіме интернет-провайдерлердің техникалық проблемаларына байланысты туындауы мүмкін.

Бұған дейін кейбір жергілікті ақпарат құралдары Тәжікстанда интернет провайдерлер мен мобильдік байланыс операторлары бірқатар сайттарға тосқауыл қою туралы бұйрық алғаны туралы хабарлаған еді. Ондай сайттардың арасында Азаттық радиосы тәжік қызметінің интернеттегі парағы, Facebook әлеуметтік желісі бары айтылды.

Өткен айда Тәжікстанда жалпы саны 100-ден аса интернет сайтына тосқауыл қойылатыны жайлы хабарланды.

Былтыр елде биліктің пәрменімен BBC (Би-би-си) және Азаттық радиоларының, Facebook әлеуметтік желісінің, YouTube, сондай-ақ жергілікті бірқатар жеке меншік ақпарат құралдарының сайттарына тосқауыл қойылып, кейін алынып тасталды.

Тәжік билігі ол сайттардың "азаматтардың сұрауы бойынша жабылғанын" мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG