Accessibility links

Оппозиция Чавесті халыққа үндеу жасауға шақырды


Венесуэла президенті Уго Чавес. 18 шілде 2012 ж.
Венесуэла президенті Уго Чавес. 18 шілде 2012 ж.
Венесуэладағы оппозиция жетекшілерінің бірі, Мирада штатының губернаторы Энрике Каприлес президент Уго Чавесті халыққа үндеу жасап, елдегі жағдайды түсіндіруге шақырды.

"Мен Чавесті Венесуэлаға келіп, үкіметте не болып жатқаны жөнінде айтып беруге шақырдым, өйткені қазір Венесуэлада билік жоқ" деді Каприлес.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан Уго Чавес 2012 жылдың желтоқсан айының басынан бері Кубада емделіп жатыр. Сол елде операция жасатқан Чавестің денсаулығына қатысты қарама-қайшы ақпараттар бар.

Былтыр Венесуэла президенті болып кезекті мерзімге сайланған Чавестің инаугурациясы биыл қаңтардың 10-ына белгіленгенімен, оның қатыса алмауына байланысты өткізілген жоқ.
XS
SM
MD
LG