Accessibility links

Қырымбек Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі


Қырымбек Көшербаев Маңғыстау облысының әкімі болып тұрған кезінде. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Қырымбек Көшербаев Маңғыстау облысының әкімі болып тұрған кезінде. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан преззидентінің жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді бүгін облыс әкімшілігінде өткен жиында премьер-министр Серік Ахметов таныстырды деп хабарлайды Tengrinews сайты.

2008 жылдан бері Қызылорда облысының әкімі болып істеп келген Болатбек Қуандықовтың қандай жұмысқа ауысқаны туралы әзірге хабарланған жоқ.

2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпедегі қанды оқиғалардан кейін сол кезде Маңғыстау облысының әкімі болып істеген Қырымбек Көшербаев өз еркімен қызметтен кеткен еді. Былтыр шілде айында ол Қазақстан президентінің кеңесшісі, ал қыркүйекте Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
XS
SM
MD
LG