Accessibility links

АҚШ-та биыл алғаш рет өлім жазасы орындалды


Сот балғасы. Көрнекі сурет.

Сот балғасы. Көрнекі сурет.

АҚШ-та биыл жыл басынан бері алғаш рет өлімі жазасы туралы сот үкімі орындалды. Сәрсенбі күні Вирджиния штатында өлім жазасына кесілген Роберт Глизон есімді адам "электр орындығы" арқылы ажал құшты.

Өмір бойы түрме жазасына кесілген 42 жастағы Роберт Глизон 2007 жылы өзімен бір камерада отырған 63 жастағы тұтқынды, ал 2009 жылы 26 жастағы тағы бір адамды буындырып өлтірген.

Сотқа рақымшылық туралы өтініш беруден бас тартқан Глизон өзіне тек өлім жазасы лайық екендігін мәлімдеген деп хабарлайды "Франс-пресс" агенттігі.

Адвокаттар "тұтқынның балалық шағы ауыр болғанын, психикасында ауытқушылық барын, сондай-ақ есірткі мен алкогольге әуес" екенін айтып, Глизонның жазасын жеңілдетуге тырысқанымен, сот үкімді күшінде қалдырды.
XS
SM
MD
LG