Accessibility links

Германия алтын қорын елге қайтармақшы


Франкфурттегі бундесбанк ғимаратының алдындағы Германияның мемлекеттік туы.

Франкфурттегі бундесбанк ғимаратының алдындағы Германияның мемлекеттік туы.

Германияның орталық банкі АҚШ және Франция банктеріндегі өзінің алтын қорының бір бөлігін елге қайтару ниеті барын мәлімдеді.

"Қырғи-қабақ соғыс" жылдары советтік басқыншылық қауіпінен сескенген Германия өз алтын қорының бір бөлігін Нью-Йорк пен Паржиде сақтаған еді. Енді бундесбанк аталған екі қаладағы жалпы салмағы 700 тоннаға жуық, құны 36 миллиард долларға бағаланған алтын құймаларын Франкфурттегі қоймасына жөнелтуді жоспарлап отыр.

Франкфуртте Германияның алтын қорының тек үштен бір бөлігі ғана бар, ал 45 пайызы - Нью-Йорк қаласындағы банкке сақтауға берілген.
XS
SM
MD
LG