Accessibility links

«Нұр Отан» партиясының басшысы сайланды


«Нұр Отан» партиясының Астанадағы кеңсесі.

«Нұр Отан» партиясының Астанадағы кеңсесі.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Бауыржан Байбек сайланды. Бүгін Астанада өткен партияның саяси кеңесінің бюро отырысында Байбекті осы қызметке «Нұр Отан» партиясының жетекшісі, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.

38 жастағы Бауыржан Байбек 2009 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін Қазақстан президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып қызмет атқарған.

«Ол төрт жылда партияның аймақтағы филиалдарын түгел аралап шықты, әкімдердің бәрі оны біледі» деген Назарбаев Байбек партия қатарына жастарды тартуға ықпал етеді деген сенім білдірген.

1994-1998 жылдары Германияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған Бауыржан Байбек 1999-2002 жылдары дипломаттық қызметтер атқарған. Ал 2002 жылдан бастап Қазақстан президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG