Accessibility links

Голландияда ресейлік белсенді өзіне қол салды


Ресейлік оппозиция белсендісі Александр Долматов.
Ресейлік оппозиция белсендісі Александр Долматов.
Нидерландыда (Голландия) Ресей оппозициясының белсендісі Александр Долматов өз-өзіне қол салды. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Нидерландыдағы елшілігінің өкілі Долматовтың голландиялық босқындар орталығында өзіне қол салғанын растаған.

Оппозиционер мүше болған "Другая Россия" партиясы да оның қайтыс болғанын және оған Голландияның саяси баспана беруден бас тартқанын хабарлады. Бірақ Голландия үкіметі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсінік бере қоймады.

Долматов әскери өндірістік кәсіпорынның инженер конструкторы болған. Ол өткен жылдың мамыр айында Мәскеудегі шеру кезінде тұтқындалып, кейін босатылған еді. Сол кездегі шеруде демонстранттар мен полиция арасында қақтығыс болған.

Долматов маусым айында үйіне тінту жүргізілген соң Ресейден кетіп қалған.
XS
SM
MD
LG