Accessibility links

Паскаль Лами: Қазақстан ДСҰ-ға биыл кіруі мүмкін


ДСҰ директоры Паскаль Лами.
ДСҰ директоры Паскаль Лами.
Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) директоры Паскаль Лами бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан Егор Гайдар форумында айтты.

Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, Паскаль Лами "Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы келіссөздерде біршама жетістіктерге жетті. Меніңше, Қазақстан тіпті биылдың өзінде ДСҰ-ға кіре алады" деген 17 қаңтарда басталған форум барысында.

ДСҰ 1995 жылы құрылған. Оның мақсаты - халықаралық сауданы либерализациялап, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда және саяси байланыстарды реттеу. Қазір ұйымға 150-ден астам мемлекет мүше.
XS
SM
MD
LG