Accessibility links

"Азат" газеті редакторына айыппұл салынды


Оппозициялық "Азат" газетінің редакторы Марат Жанұзақов. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Оппозициялық "Азат" газетінің редакторы Марат Жанұзақов. Алматы, 13 желтоқсан 2012 жыл.
Оппозициялық "Азат" газетінің редакторы Марат Жанұзақовқа 40 айлық есептік көрсеткіш (64 мың 720 теңге көлемінде) айыппұл салынды деп хабарлайды халықаралық "Әділ сөз" баспасөз құқын қорғау ұйымы. Ұйымның хабарына қарағанда, Жанұзақовқа газетті басу жиілігін бұзғаны үшін айып салынған.

2007 жылы тіркелген басылым екі аптада бір рет шығуға тиіс. Бірақ сот орындаушысы Гүлнәр Қонысбекованың айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында газеттің екі нөмірі аптасына бір реттен шығып, сол үшін әкімшілік жазаға ілінген.
XS
SM
MD
LG