Accessibility links

Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасын ішінара жапты


Сох анклавының картадағы көрінісі.

Сох анклавының картадағы көрінісі.

Жұма күні Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасын жауып тастаған және ол жайында ресми Бішкекті ескертпеген. Бұл туралы хабарлаған Қырғызстанның шекара қызметі таратқан ақпаратта "Қызылқия – автодорожный" шекара бекетінен адамдар мен көліктерді өткізу доғарылғаны айтылған.

Қазір "Достук – автодорожный", "Маданият – автодорожный", "Кеңсай – автодорожный" бекеттерінде Өзбекстан тарабы адамдар мен көлік құралдарын біржақты тексеріп, көрші елден Отанына оралған Өзбекстан азаматтарын ғана өткізіп жатыр деп хабарлады қырғыз шекара қызметі. Ал Қырғызстаннан басқа мемлекеттердің азаматтарына шекарадан өтуге шектеу жоқ.

Бұған дейін Қырғызстан үкіметі Өзбекстанға қарасты Сох анклавы аумағын сымтемірмен қоршауға кіріскені туралы хабарланған еді.

Қаңтардың 5-і күні Қырғызстандағы Сох өзбек анклавының тұрғындары мен қырғыз шекарашылары арасындағы жанжал салдарынан үш өзбек азаматы жараланып, бір қырғыз полицейі соққы жеген. Бұдан соң өзбектер 30 қырғыз азаматын кепілге алып, кейін олардың барлығы босатылды.
XS
SM
MD
LG