Accessibility links

Тәжікстан: Диловаршо Косимов 26 жылға сотталды


Тәжікстан жоғарғы соты ғимаратындағы жазу.
Тәжікстан жоғарғы соты ғимаратындағы жазу.
Жұма күні Тәжікстанның жоғарғы соты жабық отырысында адам өлтірген деп айыпталған Диловаршо Косимовты 26 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды деп хабарлайды Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Сот Касимовты Холмуъмин Сафаровтың өліміне айыпты деп тапқан. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Касимовпен бірге сотқа тартылған ағайынды Мұхаммадтохир мен Мұхаммадфозил Хакимовтар қылмысты жасырған және заңсыз қару-жарақ сақтаған деген айыппен тиісінше 8 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Косимовтың адвокаты Шухрат Кудратов сот үкімімен келіспейтіні туралы шағым беретінін айтты.

57 жастағы Холмуъмин Сафаров - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның жездесі еді. 2009 жылдан бері орман және аң шаруашылығы басқармасын басқарған Сафаров былтыр 13 маусымда Душанбеде бірнеше жерден оқ тиіп мерт болды.

Бұл істі жүргізген тергеушілер шілде айында шаруа қожалығында істейтін Диловаршо Косимовты ұстады. Кейін күдіктінің өз кінәсін мойындағаны және Сафаровты атып өлтірген танапшаның өзеннен табылғаны туралы хабарланды. Бірақ, адвокатының айтуынша, желтоқсанның 25-і күні жабық сот процесі басталғанда Косимов тергеу кезінде өзіне қысым жасалғандықтан "айыбын мойындауға" мәжбүр болғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG