Accessibility links

Ресей Сириядан азаматтарын эвакуациялай бастады


Сирияның Иракпен шекаралас тұсында жүрген әскери көліктер. (Көрнекі сурет).

Сирияның Иракпен шекаралас тұсында жүрген әскери көліктер. (Көрнекі сурет).

Ресей Сирияға өз азаматтарын эвакуациялау үшін екі ұшақ жібереді.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, ұшақтар бүгін 100-ге тарта ресейлікті алып қайту үшін Ливан астанасына ұшып шықпақ.

Сирияда халық толқулары басталып, ол азаматтық соғысқа ұласқан 2011 жылғы наурыздан бері Мәскеу Башар Асад режимінің одақтасы болып келеді. Ресей азаматтарын Сириядағы соғысты тоқтату туралы БҰҰ ұсынған келісім жасалмай қалғаннан кейін эвакуациялай бастаған.

БҰҰ-ның дерегі бойынша, Сирияда қақтығыс басталған 22 айда 60 мыңнан астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG