Accessibility links

Қазақ тілді сайттар басшыларының жиыны басталды


Қазақ сайттары редакторларының конференциясы. Астана, 22 қаңтар 2013 жыл.

Қазақ сайттары редакторларының конференциясы. Астана, 22 қаңтар 2013 жыл.

Астанада бүгін қазақ тілді сайттар редакторларының тұңғыш конференциясы басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев, "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ерлан Қарин, қазақ тілді интернет сайттардың редакторлары, блогерлер, журналистер, IT мамандары мен басқа да БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Жиында қазақ тілді интернеттің дамуы мен өзекті мәселелері, техникалық проблемалары, жаңа медиа мен қазақ интернеті журналистикасына қатысты тақырыптар талқыланады.

Конференциядан Abai.kz, Bnews.kz сайттары онлайн трансляция таратып жатыр.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG