Accessibility links

Ресей соты "Дима Яковлев заңын" "түзетті"


Ресей жоғарғы сотының алдындағы Фемида мүсіні. Мәскеу, 20 қыркүйек 2011 жыл.
Ресей жоғарғы сотының алдындағы Фемида мүсіні. Мәскеу, 20 қыркүйек 2011 жыл.
Ресей жоғарғы соты 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін асырап алуға келісім жасалып қойған ресейлік балаларды шетелге алып кетуге рұқсат еткен шешім шығарды.

2012 жылдың соңында ресейлік балаларды америкалықтардың асырап алуына тыйым салған, жұрт "Дима Яковлев заңы" деп атап кеткен құжат қабылданып, 1 қаңтардан бастап күшіне енген еді. Жаңа заңға қатысты сот шешімі жоғарғы соттың сайтында жарияланды.

Ресей бұл заңды АҚШ-тың "Магнитский актісінен" кейін қабылдап отыр. Вашингтон ресейлік құқық қорғаушы Сергей Магнитскийдің қазасына қатысы бар делінген ресейлік шенеуніктердің АҚШ аумағына кіруіне және қаржы операцияларын атқаруына санкция салған еді.

Заңның қабылдануы Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасын қиындатып, құқық қорғаушыларды алаңдатқан.
XS
SM
MD
LG