Accessibility links

Мәскеуде гей белсенділерге шабуыл жасалды


Белгісіз топ мемлекеттік дума алдында акция кезінде гей белсенділерге шабуыл жасады. Мәскеу, 22 қаңтар 2013 жыл.

Белгісіз топ мемлекеттік дума алдында акция кезінде гей белсенділерге шабуыл жасады. Мәскеу, 22 қаңтар 2013 жыл.

Мәскеуде парламент үйінің алдында гей белсенділері мен гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заңды қолдайтындар арасында төбелес болды.

Ондаған гей белсенділер Мәскеуге жиналып, бір-бірімен сүйісу арқылы заңға қарсылығын білдірген еді.

Наразылық акциясы кезінде белсенділерге белгісіз топ шабуыл жасап, олардың плакаттарын тартып алды.

Мемлекеттік дума кәмелеттік жасқа толмаған балаларға гей ұйымдары туралы ақпарат берген адамға 16 мың АҚШ долларына дейін айыппұл салу туралы федералдық заң жобасын қарауы тиіс.

Санкт-Петербург және тағы бірнеше қалада мұндай құжаттар әлдеқашан қабылданған еді.

Депутаттар мен шенеуніктер, орыс православие шіркеуі "гомосексуализм дәстүрлі Ресей құндылықтарына қайшы" деп, заң жобасына қолдау білдірген.
XS
SM
MD
LG