Accessibility links

Спортшы Шишигина мәжіліс депутаты болды


Ольга Шишигина 7 қысқы Азия ойындарының алауын ұстап тұр. Алматы, 12 қаңтар 2011 жыл.

Ольга Шишигина 7 қысқы Азия ойындарының алауын ұстап тұр. Алматы, 12 қаңтар 2011 жыл.

2000 жылғы Сидней олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина "Нұр Отан" партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаты болды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин пленарлық отырыстың ашылуында "партия мүшесі Ольга Шишигина орталық сайлау комиссиясының 22 қаңтардағы шешімімен депутат ретінде тіркелгенін" хабарлаған.

Ольга Шишигина - 100 метр қашықтыққа жүгіруден Сидней олимпиадасының чемпионы. Ол өткен жылы парламент сайлауында "Нұр Отан" партиясының депутаттыққа ұсынылатын кандидаттары тізіміне кірген еді.
XS
SM
MD
LG