Accessibility links

Мұнай компаниясының жаңа директоры сайланды


"Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" компаниясының жаңа бас директоры сайланды.
Бұл туралы Азаттық тілшісіне компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры болып директорлар кеңесінің шешімімен Абат Нұрсейітов сайланған.

"Ол Маңғыстау облысы әкімі болып тағайындалуына байланысты өкілеттілігін тапсырған Алик Айдарбаевтың орнына келді.

Қазақ полтиехникалық институтын тамамдаған Абат Нұрсейітов мұнай газ секторында 1986 жылдан бері жұмыс істейді. Ол бұған дейін "Қазмұнайгаз" Барлау Өндіру" компаниясы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG