Accessibility links

АҚШ әйелдері енді әскери қимылға қатысуы мүмкін


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта әйелдердің әскери қимылдарға қатысуына салынған тыйымды алып тастамақ. Егер тыйым алынып тасталса, әйелдер жаяу әскер қатарында операцияларға қатысып, түрлі қызметтер атқара алады.

Армия бөлімдері енді 2016 жылдың соңына дейін әйелдердің кейбір құпия қызмет түрлерін атқаруына қойылған шектеуді алып тастауға өтініш білдіре алады.

Панеттаның шешімі әйелдерге әскери бөлімдердің алдыңғы шебінде қызмет етуіне тыйым салған 1994 жылғы нормативтік актінің күшін жояды. Қазір 1 миллион 400 мың әскері бар АҚШ армиясының 14 пайызы - әйелдер.
XS
SM
MD
LG