Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық қаруды сынайтынын хабарлады


Солтүстік Корея ұшырған "Унха-3" зымыраны. Солтүстік Пхеньян провинциясы. 12 желтоқсан 2012 жыл.
Солтүстік Корея ұшырған "Унха-3" зымыраны. Солтүстік Пхеньян провинциясы. 12 желтоқсан 2012 жыл.
Солтүстік Корея алдағы уақытта зымырандарды көптеп ұшырып, ядролық қаруды сынақтан өткізетінін хабарлады.

Мемлекеттік KCNA агенттігінің хабарлауынша, елдің ұлттық қорғаныс комитеті "зымырандар ұшыру мен ядролық қару сынау елдің басты жауы - АҚШ-қа қарсы бағытталатынын" мәлімдеген.

Кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянның 2012 жылы желтоқсанда зымыран ұшырғанын айыптап, Солтүстік Кореяға санкция салу туралы қарар қабылдаған еді.

Солтүстік Корея ұшырған зымыранының әскери құрал емес екенін айтқан. Бірақ АҚШ пен басқа да Батыс елдері оның алыс қашықтыққа ядролық қару алып ұша алатын зымыран екенін мәлімдеген.

БҰҰ Солтүстік Кореяның зымыран ұшырып, ядролық технологияларды дамытуына тыйым салған.
XS
SM
MD
LG