Accessibility links

Әкім: Атырауда үйсіз қалғандарға пәтер беріледі


Атырау қаласы шетіндегі Химпоселок елді мекеніндегі едені құлаған жатақхана тұрғындары. Атырау, 21 қаңтар 2013 жыл.
Атырау қаласы шетіндегі Химпоселок елді мекеніндегі едені құлаған жатақхана тұрғындары. Атырау, 21 қаңтар 2013 жыл.
Атырауда желтоқсанның соңында едені құлап, үйсіз қалған отбасыларға баспана берілетін болды. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов тұрғындармен болған кездесуде айтты.

- Сараптама жасаған қазақ ғылыми құрылыс және сәулет институты шешімі бойынша, Атырау қаласындағы Сырдария көшесі 5 мекен жайындағы үй апатты жағдайда деп танылып, пайдалануға жарамайды, -деді ол жиында.

Әкімнің сөзіне қарағанда, енді баспанасыз қалған отбасыларға 1,2,3 және 4 бөлмелі пәтерлер беріледі.
XS
SM
MD
LG