Accessibility links

Пол Мерфи Вадим Курамшиннің босатылуын талап етті


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Еуропа парламентінің депутаты Пол Мерфи Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Алмас Хамзеевтің атына хат жазып, 12 жылға сотталған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің дереу босатылуын талап етті. Бұл туралы socialismkz.info сайты хабарлады.

Хатта депутат Курамшинге қатысты істі "талапқа сай емес, әділетсіз түрде өтіп жатыр" деп мәлімдеп, оған тағылған айыптардың алынып тасталуын талап еткен. Депутат бұған қоса әділет министрлігінен "Курамшиннің екі қорғаушысын лицензияларынан айыру туралы судья шешімін жоюды" да сұраған.

2012 жылы желтоқсанның басында Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты Вадим Курамшинді 12 жылға соттаған еді.

Одан бұрын, 2012 жылы 28 тамызда оны Тараз қалалық соты "өктемдік көрсетті" деп айыптап, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасымен босатқан еді. Ал 31 қазанда Жамбыл облыстық апелляциялық соты тамызда шыққан шешімнің күшін жойып, Вадим Курамшинді қайта қамауға рұқсат берген.
XS
SM
MD
LG