Accessibility links

Карзайдың ағасы саясатпен айналыспақшы


Махмуд Карзай Азаттық радиосына сұхбат беріп отыр. 24 қаңтар 2013 жыл.
Махмуд Карзай Азаттық радиосына сұхбат беріп отыр. 24 қаңтар 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың ағасы, 57 жастағы Махмуд Карзай саяси қызметке араласу үшін АҚШ азаматтығынан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Азаттық радиосына сұхбат беріп отырып айтты. Бірақ ол Ауғанстанда 2014 жылы өтетін президентін сайлауына түсетіні, я түспейтіні туралы ештеңе демеді.

Махмуд Карзай бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып келеді. Оның АҚШ-та банк ісі, тау-кен өндірісі және жылжымайтын мүлік саласында бизнесі бар. Кейбір деректерге қарағанда, Сан-Франциско, Бостон және Балтиморда мейрамханалары бар.

Ақпарат құралдарының жазуы бойынша, ол Ауғанстанның ең ірі жекеменшік банкі - Кабул банкі акцияларының 7 пайызына иелік етеді.

Өткен жылы тәуелсіз тексерулер нәтижесінде Кабул банкі 900 миллион АҚШ долларының Ауғанстаннан шетел асып кету ісіне қатысы барлығы анықталған еді. Бірақ Карзай мұны жоққа шығарған.

Ал Хамид Карзайдың президенттік өкілеті (екінші мерзімге сайланған) 2014 жылы аяқталады.
XS
SM
MD
LG