Accessibility links

БҰҰ пилотсыз ұшақтар шабуылын тексеріп жатыр


Ұшқышсыз басқарылатын ұшақ. (Көрнекі сурет).

Ұшқышсыз басқарылатын ұшақ. (Көрнекі сурет).

БҰҰ-ның адам құқықтары және терроризмге қарсы іс-қимылдар бойынша сарапшысы Бен Эммерсон пилотсыз басқарылатын ұшақтар мен басқа да нысанаға дәл бағытталатын әскери техника шабуылдарының бейбіт тұрғындарға тигізер салдарына тексеру жүргізе бастады.

Лондонда журналистер алдында сөйлеген Эммерсон пилотсыз ұшақтардан жасалатын әуе шабуылының күрт артып кетуі оларға қатысты арнайы заңнамалар түзуді қажет ететінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, пилотсыз ұшақтар шабуылына қатысты жауапкершілікті күшейтіп, шабуылдан орынсыз зардап келген жағдайда өтемақы төлеу мәселесін шешу қажет.

БҰҰ сарапшылары Пәкістан, Ауғанстан, Йемен, Палестина мен Сомали территорияларында пилотсыз ұшақтардан жасалған 25 әуе шабуылына қатысты тергеу жүргізеді.

Соңғы жылдары пилотсыз басқарылатын ұшақтарды пайдалануға қатысты дау көбейді. АҚШ билігі оларды террористермен күресудің тиімді құралы деп санайды. Оған қарсылар шабуылдардан бейбіт тұрғындардың мерт болып жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG