Accessibility links

Әдебиеттен Букер сыйлығына үміткерлер анықталды


Ресей жазушысы Владимир Сорокин.

Ресей жазушысы Владимир Сорокин.

Өз отандарында шығармашылығына тыйым салынған Ресей жазушысы Владимир Сорокин мен Қытай жазушысы Ян Лианке әдебиет саласындағы халықаралық Букер сыйлығына үміткерлердің ондығына енді. Совет одағы тұсында Сорокиннің шығармашылығына тыйым салынған еді.

Үміткерлер қатарында Израиль, Франция, Пәкістан, АҚШ, Үндістан, Канада және Швейцария жазушылары да бар.

Сыйлық 2005 жылы Ұлыбританияның танымал Букер сыйлығының қосымшасы ретінде тағайындалған. Оған еңбектері ағылшын тілінде жазылған немесе басылып шыққан жазушылар ұсыныла алады. Сыйлықтың иегері 22 мамырда Лондонда анықталады.

Бұған дейін сыйлықты америкалық Филипп Рот, нигериялық Чинуа Ачебе және канадалық Элис Мунро иеленген.
XS
SM
MD
LG