Accessibility links

Каирде шерушілер мен полиция қақтығысты


Тахрир алаңындағы наразылық шаралары. Каир, Египет, 20 қаңтар 2013 жыл.

Каирдің Тахрир алаңында жұма күні таңертең президент Мұхаммед Мурсидің қарсыластары мен полиция арасында қақтығыс болды. Шерушілер экс-президент Хосни Мүбәрәктің биліктен кеткеніне екі жыл толғанын атап өтпекке жиналған еді.

Қауіпсіздік күштері шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды, ал шерушілер оларға жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер лақтырды. Қақтығыстан ешкім зардап шекпеген.

Египет президенті Мұхаммед Мурсидің қарсыластары "президент пен оның "Мұсылман бауырлар" қозғалысы 2011 жылғы халық толқулары кезінде көтерілген зайырлы идеалдарды сатып кетті" деп, наразылықты одан ары жалғастыруға шақырды.

"Мұсылман бауырлар" зорлық-зомбылық туып кетуі мүмкін деп, қарсы шерулер өткізбеуге шешім қабылдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG