Accessibility links

Австралия азаматтарын Бенгазиден кетуге шақырды


Малиліктер елге кіргізілген Франция әскеріне қошемет көрсетіп тұр. 15 қаңтар 2013 жыл.

Малиліктер елге кіргізілген Франция әскеріне қошемет көрсетіп тұр. 15 қаңтар 2013 жыл.

Австралия Францияның Алжирдегі әскери операцияларына байланысты қауіп төнуі мүмкін деп, өз азаматтарын Ливияның Бенгази қаласынан жеделдетіп кетіп қалуға шақырды.

Бұған дейін Ұлыбритания, Германия және Голландия да азаматтарын Бенгазиде қалмауға шақырған еді. Батыстық бірнеше мемлекет өткен жылы 11 қыркүйекте Бенгазиде АҚШ елшілігіне шабуыл жасалып, елші мен үш америкалық қаза тапқан соң азаматтарын ол қалаға бармауға үгіттеген.

Өткен аптада Францияның Малиге әскер кіргізгеніне наразы исламшыл топтар Алжирдегі газ өңдеу зауытын басып алған. Арнайы операция барысында қаза тапқандардың арасында 37 шетелдік бар. Бұдан соң Солтүстік Африкада шетелдіктерге шабуылдар күшеюі мүмкін деген қауіп туындаған. Ұлыбританияның алаңдаушылығынан кейін Air Malta компаниясы 24 қаңтарда Бенгазиге ұшатын әуе рейсін тоқтатты.
XS
SM
MD
LG