Accessibility links

Қазақстан Иранға қатысты келіссөз өткізуге дайын


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехимен кездесуінде. Астана, 27 маусым 2012 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехимен кездесуінде. Астана, 27 маусым 2012 жыл.
Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алты елмен жүргізілетін келесі келіссөздерді өзінде өткізуге дайын деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің өкілі Жанболат Үсеновке сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Министрліктің халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Жанболат Үсеновтің айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұндай ұсынысты өткен жылдың жазында Иран сыртқы істер министрі Акбар Салехимен кездесуінде айтқан.

"Келіссөздердің Қазақстанда өтуі оған қатысатын тараптардың келісіміне байланысты" дейді министрлік өкілі.

Халықаралық қауымдастық, әсіресе Батыс елдері Иранды "ядролық қару жасайтын бағдарламаларын дамытып жатыр" деп айыптап, бірқатар санкциялар салған. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін мәлімдеп келеді.

Тегеранмен келіссөз жүргізетін алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және Франция.
XS
SM
MD
LG