Accessibility links

Бразилияда өрттен 232 адам қаза болған


Бразилия полициясы өрттен зардап шеккен қызға көмек көрсетіп тұр. Санта-Мария, 27 қаңтар 2012 жыл.

Бразилия полициясы өрттен зардап шеккен қызға көмек көрсетіп тұр. Санта-Мария, 27 қаңтар 2012 жыл.

Бразилия полициясы Санта-Мария қаласында түнгі клубта болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны бұған дейін хабарланғандай 245 емес, 232 адам болды деп хабарлады. Тағы 200-ге тарта адам зардап шеккен.

Өрт концерт болып жатқан Kiss деп аталатын клубта тұтанған. Билік орындарының мәліметінше, клубта ол кезде 500-дей адам болған.

Бразилия ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт сахнада пиротехникалық жұмыстармен айналысып жатқан жұмысшылардың кінәсінен шыққан.

Санта-Мария - елдің оңтүстігіндегі, Аргентина және Уругваймен шектесетін, университеттер көп орналасқан қала. Қалада 250 мыңға жуық адам тұрады.
XS
SM
MD
LG