Accessibility links

Иранда он шақты журналист тұтқындалды


Тұтқындалған ирандық журналистер. 27 қаңтар 2013 жыл.

Тұтқындалған ирандық журналистер. 27 қаңтар 2013 жыл.

Иран қауіпсіздік күштері Тегеранда бес газеттің редакциясына тексеру жүргізіліп, 10-нан астам журналистің тұтқындалғанын хабарлады. Иранның "Мехр" агенттігінің хабарлауынша, "Этемад", "Арман", "Шарг", "Бахар" газеттері мен "Асеман" журналына тексеру жүргізілген. Тұтқындалған журналистерге "антиреволюциялық ақпарат құралдарымен байланысы бар" деген айып тағылған.

Иран билігі елдегі Азаттық радиосының парсы қызметі (Фарда радиосы), "Америка дауысы" радиосы, BBC сияқты шетелден тарайтын ақпарат құралдарын "революцияға қарсы ақпарат құралдары" деп сипаттайды.

2009 жылы президент Махмуд Ахмединежад сайланғалы бері тәуелсіз ақпарат құралдарына мұндай кең көлемді тексеру жүргізу бірінші рет болып отыр.
XS
SM
MD
LG