Accessibility links

Қырғызстан қалыңдық ұрлаудың жазасын күшейтті


Қалыңдық алып қашу. (Көрнекі сурет).

Қалыңдық алып қашу. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қалыңдықты мәжбүрлеп алып қашатындарға қолданатын жазаны күшейтетін заңға қол қойды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Енді жаңа заң бойынша қызды зорлықпен алып қашатындар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қырғызстанда қалыңдық алып қашу оқиғалары жыл сайын көбейіп келеді. Үкіметтік емес ұйымдар қыз алып қашуға қарсы бірнеше рет акциялар өткізіп, үкіметтен оны қылмыс деп бағалауды талап етіп келген еді.

Құқық қорғау орындарының деректері бойынша, Қырғызстанда жылына 12 мыңға жуық жас қызды алып қашып, күшпен некелеседі. БҰҰ зерттеулеріне сәйкес, ауылдық жерде тіркелген некелердің 80 пайызы қалыңдық ұрлау нәтижесінде қиылған.
XS
SM
MD
LG