Accessibility links

Тәжікстанда исламшыл ұйымның күдікті мүшелері ұсталды


Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазан Рахимов.

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазан Рахимов.

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Қубадион аймағында тыйым салынған "Өзбекстан ислам қозғалысына" (ӨИҚ) мүше деген күдікпен алты адам тұтқындалды.

Аймақ басшысы Абдулмумин Улфатовтың айтуынша, олардың барлығы - Ауғанстанмен шекаралас ауылдың тұрғындары. Ал Тәжікстан ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Өзбекстанға жақын Соғды провинциясында "ислам бүлікшілерінің қайда екенін жасырды" деген күдікпен тағы төрт адам ұсталған.

18 қаңтарда ішкі істер министрі Рамазан Рахимов қауіпсіздік күштері ӨИҚ-ның күдікті бір мүшесін өлтіріп, күдікті тоғыз мүшесін ұстағанын хабарлаған еді.

Орталық Азияда ислам халифатын құруды көздейтін ұйым қызметіне аймақ елдерінде тыйым салынған. Ұйым соңғы жылдары қызметін Ауғанстанда жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG