Accessibility links

АҚШ Иранның ғарышқа құрылғы ұшырғанын айыптады


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

Ресми Вашингтон "егер Иранның ғарышқа маймыл ұшырғаны туралы ақпарат рас болса, ол БҰҰ-ның қарарын бұзған болып саналады" деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Виктория Нуланд Иранның ғарышқа маймыл ұшырғанын растай алмайтынын айтады. Бірақ ол БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Иранға "ядролық қару алып ұша алатын баллистикалық зымыран жасауға қатысты кез-келген әрекетке тыйым салатын" 1929-қарары барын еске салды.

Дүйсенбіде Иран билігі маймылдың ғарышқа 120 шақырым қашықтыққа дейін ұшырылып, қайтадан жерге оралғаны туралы хабарлаған еді.

Нуландтың айтуынша, Иранның ғарышқа маймыл ұшыруы - алаңдауға тұрарлық оқиға. "Себебі орбитаға құрылғы алып ұша алатын кез-келген ғарыш аппараты жасалса, ол арқылы алыс қашықтыққа ұшатын зымыран жасауға болады" деді ол.
XS
SM
MD
LG