Accessibility links

Египет қорғаныс министрі: Қауіпсіздікке қатер төнді


Египеттің қорғаныс министрі, генерал Абдел Фаттах әл-Сиси елдегі саяси дағдарыс мемлекетті күйретуі мүмкін деп хабарлады.

Қарулы күштердің жетекшісі бұған қоса Египет бастан өткеріп жатқан экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалар "мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығына үлкен қауіп төндіріп тұрғанын" айтады.

Соіңы аптада Египеттің бірнеше қаласында болған наразылықтар мен шерушілердің полициямен қақтығысынан 50-ден астам қаза тапқан еді.

Президент Мұхаммед Мурси наразылықтар болған Порт-Саид, Исмаилия және Суэц қалаларында бір ай төтенше жағдай жариялаған. Бірақ шерушілер оған қарамастан полициямен қақтығысты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG