Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев апатқа байланысты көңіл айтты


Алматы маңындағы Қызылту ауылының картасы.

Алматы маңындағы Қызылту ауылының картасы.

Қазақстан президенті Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты деп хабарлайды президенттің ресми akorda.kz сайты.

"Скат" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабарды қайғыра қабылдадым. Тиісті мемлекеттік органдарға апат себептерін анықтауға және құрбан болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге тапсырма бердім" делінген хабарламада.

29 қаңтарда Алматы маңындағы Қызылту ауылына жақын жерде Көкшетау-Алматы бағытында ұшып келе жатқан "Скат" компаниясының Challenger-200 ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 20 адам - 5 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы түгел қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG