Accessibility links

Ұшақ апатының себебі хабарланды


Ұшақ апаты орнындағы құтқарушылар. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл

Ұшақ апаты орнындағы құтқарушылар. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл

29 қаңтар күні кешке өткен брифинг кезінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Алматы түбінде болған ұшақ апатының себебін түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews агенттігі хабарлады.

Жиын үстінде қаза тапқандардың денесі Қалқамандағы мәйітханаға жеткізілетіні айталды. Облыстық ТЖД басшысы Сәбит Битаев апатқа ауа-райының қолайсыздығы себеп болғанын, жанар-жағар майдың таусылуы туралы болжамның расталмағанын жеткізді.

Көкшетаудан Алматыға бет алған Scat әуе компаниясының ұшағы 29 қаңтар күні түскі сағат 13.13-те Алматы әуежайының түбінде құлап түскен еді. Борттағы 21 адам түгел опат болған. Олардың арасында екі жасар бала да бар.
XS
SM
MD
LG