Accessibility links

Джон Керри АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болды


АҚШ президенті Барак Обама Джон Керриді (сол жақта) мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынып тұр. Вашингтон. 21 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Джон Керриді (сол жақта) мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынып тұр. Вашингтон. 21 желтоқсан 2012 жыл.
АҚШ сенаты сенатор, 69 жастағы Джон Керриді мемлекеттік хатшы етіп бекітті. Оның кандидатурасын қолдап 94 адам сенатор дауыс берді. Үш адам қарсы болған.

Джон Керри АҚШ-тың сыртқы саяси ведомствосын төрт жыл басқарған Хиллари Клинтонның орнын басты.

Керри 28 жыл бойына халықаралық қатынастар комитетінде қызмет етіп, оның соңғы төрт жылында комитетті басқарды. Ол Вьетнам соғысына қатысқан. 2004 жылы демократиялық партия атынан президент сайлауына түскен.
XS
SM
MD
LG