Accessibility links

Украинада журналист өліміне қатысты сот үкімі шықты


Ішкі істер министрлігі бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Алексей Пукач. Киев, 29 қаңтар 2013 жыл.

Ішкі істер министрлігі бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Алексей Пукач. Киев, 29 қаңтар 2013 жыл.

Киев соты журналист Георгий Гонгадзенің қазасына кінәлі деген айыппен бұрынғы полиция генералы Алексей Пукачты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот ішкі істер министрлігі бақылау департаментінің бұрынғы басшысын журналисті өз қолымен тұншықтырып өлтірген деген ұйғарым жасады.

Гонгадзе жоғары биліктегі сыбайлас жемқорлықты зерттеумен айналысып жүріп, 2000 жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен еді. Кейін оның мәйіті Киев маңынан табылған. Сол кездегі президент Леонид Кучма оның өліміне себепкер деген күдікке ілінген еді. Оған Кучманың жеке кабинетінде құпия түрде жазып алынған аудиожазба себеп болған.

2011 жылы прокуратура бұрынғы президент Леонид Кучмаға айып тақты. Бірақ ол кейін алынып тасталды. Ал Пукач сотта егер Кучма мен қастандыққа қатысы бар деген басқа да адамдар сотқа тартылғанда ғана үкімді мойындайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG