Accessibility links

Ұшақ апатына байланысты көңіл айтылып жатыр


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 20 желтоқсан 2012 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 20 желтоқсан 2012 жыл.

Ұшақ апатына байланысты Еуропа Одағына қарасты құрылымдар - Еуропа парламенті, Еуропа кеңесі және Еуропа комиссиясының басшылары көңіл айтты деп хабарлайды сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Барлығы апатқа байланысты көңіл айтып, еліміз бен қаза тапқандардың туыстары, жақындарының қайғысына ортақ екендерін білдірді" деді сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Брюссельде ЕО басшыларымен кездесуінен соң.

Ұшақ апатына байланысты Ресей президенті Владимир де Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында хабарланды.

"Ресей басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, қолдау танытады" делінген көңіл айту туралы хабарламада.

29 қаңтарда Алматы маңында SCAT әуе компаниясының Challenger-200 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді. Апаттан ұшақ бортындағы 21 адам түгел қаза тапты.
XS
SM
MD
LG