Accessibility links

Ресей мен Қазақстан зымыраннан қорғаныс жүйесін құруға келісті


Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.
Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.
Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлері Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу сәрсенбіде Астанада зымыраннан қорғаныс жүйесінің аймақтық біртұтас жүйесін құру туралы келісім жасасты. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің веб-сайтында хабарланды.

"Құжат Қазақстанның және оның Ресеймен шекаралас аумағы әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз болады" дейді министрлік.

Ал "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Сергей Шойгу баспасөз жиынында келісімнің маңызды екенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, бұл "екі елдің қауіпсіздігін нығайтып, қос мемлекеттің ақпараттық кеңістігін біріктіреді".
XS
SM
MD
LG