Accessibility links

RWB: Қазақстан баспасөз еркіндігінен 160-орында


Reporters Without Borders ұйымының белгісі. (Көрнекі сурет).

Reporters Without Borders ұйымының белгісі. (Көрнекі сурет).

Бұл туралы халықаралық Reporters Without Borders (RWB) ұйымы баспасөз еркіндігін қорғау ұйымы жариялаған дүниежүзі елдеріндегі баспасөз еркіндігінің жыл сайынғы есебінде көрсетілген.

Ұйым 179 елдегі баспасөз еркіндігіне талдау жасап, рейтингісін шығарған. Рейтинг бойынша баспасөзі еркін елдердің тізімін осымен екінші жыл қатарынан Финляндия, Нидерланды және Голландия бастап тұр. Тізімнің соңын биыл да өткен жылғыдай Түркіменстан, Солтүстік Корея және Эритрея аяқтайды.

RWB Қазақстанда өткен жылы журналистерге шабуылдар жасалғанын, бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының жабылғанын алға тартады. "Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев билігінің репрессиялық саясаты нәтижесінде көршілері Өзбекстан мен Түркіменстанның ультра авторитарлық үлгісіне біртабан жақындады" деген қорытынды жасайды ұйым.

Постсоветтік мемлекеттер арасында Балтық бойы елдері - Эстония 11, Литва 33, Латвия 39-орында тұр. Орталық Азиядағы Қырғызстан 106, Тәжікстан 123, Өзбекстан 164, Түркіменстан 177-орында тұр. Ресей 148, Грузия 100-орынға, Украина 126, Беларусь 157-орынға тұрақтаған.
XS
SM
MD
LG