Accessibility links

Иран: Тұтқындалатын журналистер көбеюі мүмкін


Иранда тұтқындалған журналистер. 27 қаңтар 2013 жыл.

Иранда тұтқындалған журналистер. 27 қаңтар 2013 жыл.

Иранның барлау және ұлттық қауіпсіздік министрлігі елде журналистерді тұтқындап, оларды тергеу шаралары бұдан ары да жалғасуы мүмкін деп мәлімдеме жасады. Министрлік бұған қоса өткен жексенбіде тұтқындалған 14 журналисті "Батыспен байланысы бар үлкен ақпараттық желінің мүшелері" деп айыптап, желіге "BBC және бірқатар Батыс елдері басшылық жасайтынын" айтты.

Таяуда Тегеранда бірқатар реформашыл және жартылай ресми ақпарат агенттіктеріне тексеру жасалып, 10-нан астам журналист тұтқындалған еді.

Ал Азаттық радиосының парсы қызметі - Фарда радиосы, BBC, Ирандағы оқиғалардан хабар тарататын басқа да халықаралық ақпарат құралдары үлкен хакерлік шабуылдарға ұшырады. Фарда радиосының Facebook-тегі парақшасын әлдебіреулер бұзып кіріп, радио журналистерін қаралайтын профайлдар мен блогтар жазған.
XS
SM
MD
LG