Accessibility links

Франция кеңселерде электр қуатын үнемдемек


Жарық үнемдейтін шам. (Көрнекі сурет).
Жарық үнемдейтін шам. (Көрнекі сурет).
Францияның қоршаған ортаны қорғау министрлігі елде барлық кеңселер мен дүкендерде электр қуатын үнемдеу үшін түнде жарықты өшіруге міндеттеді.

Енді 1 шілдеден бастап тұрғын үйлерден өзге ғимараттар мен кеңселерде кешке соңғы қызметкер жұмыстан шыққан соң бір сағаттан кейін жарық сөндіріледі. Барлық ғимараттарды жарықтандырып тұратын сыртқы шамдар кештен бастап ертеңгі түскі сағат бірге дейін өшіп тұруы тиіс.

Министрліктің мәліметі бойынша, осы арқылы бір жылда 750 мың үйдің жыл бойы тұтынатын электр қуатын үнемдеуге болады.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Дельфин Бато бұл үнемдеу Францияны Еуропада жарық үнемдеп, экологияны сақтаудағы жетекші елге айналдыратынын айтады.
XS
SM
MD
LG