Accessibility links

Тәжік жасөспірімдері Ресейге жұмысқа жіберілмейді


Мәскеудегі базарлардың бірінде көкөніс тасып жүрген тәжік азаматы, Ресей. (Көрнекі сурет).
Мәскеудегі базарлардың бірінде көкөніс тасып жүрген тәжік азаматы, Ресей. (Көрнекі сурет).
Тәжікстан үкіметінің көші-қон қызметінің басшысы Сафиолла Девонаев кәмелетке толмаған балалардың Ресейде жұмыс істеуіне тосқауыл қоятын арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын хабарлады.

Оның айтуына қарағанда, қазір Ресейде жастары 18-ге толмаған 74 мың тәжік азаматы мигрант ретінде маусымдық жұмыс істеп жүр. Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын қызметінің бастығы Латиф Зокиров Тәжікстан үкіметі 2012 жылы ондаған тәжік балаларын Ресейден елге күшпен қайтарғанын айтады.

Жыл сайын Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның ондаған мың азаматы Ресейге жұмыс істеуге барады. Олардың көпшілігі негізінен қызмет көрсету мен құрылыс саласында жұмыс істейді. Мигранттардың көбі Ресейге заңсыз жолмен барғандықтан кейбірінің құлдыққа түсіп қалатын жағдайлары да болады.
XS
SM
MD
LG