Accessibility links

Twitter хакерлер шабуылы туралы хабарлады


Twitter сайтының белгісі.

Twitter сайтының белгісі.

Twitter шағын блогтар сайтының 250 мыңдай аккаунтына хакерлік шабуыл жасалған. Бұл туралы жұма күні сайттың өкілдері мәлімдеді.

Twitter сайты шағын блог иелеріне өз парақшаларындағы кілт сөзді алмастыруға кеңес берді. Соған қарағанда, хакерлер ондаған мың аккаунттардың құпия деректерін қолға түсіріп алған болуы мүмкін деген жорамалдар айтылып жатыр әлеуметтік желілерде.

Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, сайт әкімшілігі шабуылды жасағандарды "әуесқойлар емес" деп санайтындығын айтқан. Және бұны "жеке оқиға деп қарастырмайтынын" мәлімдеп, өзге компанияларға да шабуыл жасалғанын атап өткен.

Бұған дейін АҚШ-тың бірқатар ақпарат құралдарының компьтерлік жүйелеріне интернет арқылы шабуыл жасалғаны туралы хабарланды.

"Нью-Йорк таймс" пен "Уолл Стрит-Джорнал" басылымдары "шабуылдар Қытайдан жасалған" деген күдік айтқан еді. Алайда Вашингтондағы Қытай елшісі "ондай айыптаулар негізсіз" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG