Accessibility links

Мексика: жарылыс құрбандарының саны 33-ке жетті


Жарылыстан Pemex компаниясының ғимараты қирап, бүлінді. Мехико қаласы, Мексика, 31 қаңтар 2013 ж.
Жарылыстан Pemex компаниясының ғимараты қирап, бүлінді. Мехико қаласы, Мексика, 31 қаңтар 2013 ж.
Мексиканың астанасында мемлекеттік мұнай компаниясының ғимаратында болған жарылыс пен өрт орнынан құтқарушылар алты адамның сүйегін тапқан соң құрбан болғандардың жалпы саны 33 адамға жетті.

Ғимарат орнын қирандылардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге Pemex компаниясындағы жарылыстан тірі қалған ешкім табылған жоқ.

Жарылыстан жарақат алған елуге тарта адам қазір Мехико қаласындағы ауруханаларда жатыр, олардың арасында ауыр жараланғандар да бар.

Қаңтардың 31-і күні Pemex компаниясының 52-қабаттық зәулім ғимаратында жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ.
XS
SM
MD
LG