Accessibility links

Чавестің "сауығып келе жатқаны" хабарланды


Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла ұлттық ассамблеясының басшысы президент Уго Чавестің 2012 жылы желтоқсанда қатерлі ісікке қарсы жасалған операциядан біртіндеп сауығып келе жатқанын хабарлады.

58 жастағы Уго Чавеске 2012 жылы желтоқсанның 11-інде Кубада қатерлі ісікке қарсы төртінші рет операция жасалып, ол содан бері ауруынан айыға алмай жатқан еді.

Венесуэланы 14 жыл бойы басқарып келе жатқан Чавес өткен жылдың қазан айында президенттікке қайта сайланған. Бірақ қаңтарға белгіленген ұлықтау рәсімі кейінге қалдырылды.
XS
SM
MD
LG