Accessibility links

Башар Асад Израильді айыптады


Сирия президенті Башар Асад. 24 қаңтар 2013 жыл.

Сирия президенті Башар Асад. 24 қаңтар 2013 жыл.

Сирия президенті Башар Асад таяуда Израиль әскерінің Сирия аумағын әуеден атқылауына байланысты "Тель-Авив біздің елдегі жағдайды тұрақсыздандырып отыр" деп айыптады. Ол Дамаскінің "кез-келген басқыншылыққа қарсы тұратынын" да ескертті.

Қаңтардың 30-ында Израиль әуе күштері Сирия территориясына әуеден соққы берген еді. Сирия жағының содан бері шабуылға қатысты ресми реакция білдіріп тұрғаны - осы.

Сирия Израильді "Дамаск маңындағы әскери зерттеу орталығына шабуыл жасамақ болды" деп айыптайды. Бірақ АҚШ "соққы Сирия-Ливан шекарасында орналасқан ливандық "Хезболла" ұйымына қару-жарақ алып бара жатқан автоколоннаға жасалды" деген ұстанымды қолдайды.

Израиль әуе шабуылына қатысты әлі ресми түсінік берген жоқ. Бірақ қорғаныс министрі Эхуд Барак журналистерге шабуылға Израильдің қатысы бар екенін білдірді. Ол "осыдан бірнеше күн бұрын Сирияда болған жағдайға қатысты баспасөзде хабарланып жатқандарға ештеңе алып-қоса алмайтынын" айтты.
XS
SM
MD
LG