Accessibility links

Қазақ-өзбек шекарасында адам жараланды


Қазақ-өзбек шекарасында. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Қазақ-өзбек шекарасында. Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданының тұрғыны Өзбекстанға қарай шекараны кесіп өтпек болғанда өзбек шекарашылары оған оқ атып, жаралады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Оның айтуына қарағанда, оқиға Сарыағаш ауданында 2 ақпан күні болған. 27 жастағы жігіт екі ел шекарасын Зах каналы арқылы "заңсыз кесіп өтпек" болған. Бірақ өзбек шекарашылары оны тоқтату үшін оқ атып, Қазақстан азаматы жараланып ауруханаға түскен.

Енді істің мән-жайын облыстың әскери тергеу басқармасы анықтамақ.
XS
SM
MD
LG