Accessibility links

Бішкектегі әскери бөлімдердің бірінен өткен түні 39 сарбаз қашып кетті. Сарбаздардың туыстарының айтуынша, бөлімді тастап кетуге әскердегі әлімжеттік себеп болған. Туыстары журналистерге сарбаздардың батальон командирі қызметінен кетсе, бөлімге қайта оралатындарын хабарлағанын жеткізді.

Сарбаздардың барлығы тиісті мерзімдерінің басым бөлігін өтеген. Жазда запасқа шығулары тиіс еді. Қазір олардың қайда екені белгісіз.

Әлімжеттік - Қырғызстан әскеріндегі басты проблемалардың бірі. Өткен жылы бірнеше сарбаз әлімжеттік құрбаны болған. Тәуелсіздік алғалы Қырғызстан тарихында әскерден осыншалықты сарбаз қашқан оқиға болған емес.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG